Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қыстықбаев  Қуандық  Қапсаланұлы 1977 жылы 1 тамызда  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,  Қырғызсай ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын бітіргеннен кейін, сол кездегі  Ақмола қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына актер болып қызметке шақырылды.

Осы театрға келгеннен бастап, ол өзінің талантты, ізденгіш, еңбекқор актер екенін танытты.  

Театр сахнасындағы рөлдері:
Фильмдері:

-  2002 жылы «Сардар»  кинофильміне түсіп, басты  рөл – Құлжаны;

- 2004 жылы «Человек ветер» кинофильміндегі басты рөл – Алматты;

- 2007 жылы  Нижний Новгород қаласында өткен Халықаралық кинофестивалінде «Человек ветер» фильмімен «Ең үздік ер адам» номинациясының жүлдегері атанды.

- 2008ж. «Келін» фильмінде басты рөлді сомдады. 2010 жылы «Келін» фильмімен  Оскар номинациясына ұсынылды.

- 2009 ж. «Кто вы, господин К?» фильмінде Із кесуші рөлін сомдады.

-2010 ж. «Семь майских дней» фильмінде басты рөлді сомдады.

-2013 ж. «Қасым» телефильмінде «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтың бейнесін сомдады.  Севастопольде халықаралық фестивальда «Үздік фильм»

номинациясын жеңіп алды.

-2014 ж. режиссер Е.Тұрсыновтың «Жат» фильміне түсті. 2015 жылы «Жат» фильмі Оскарға «Ең үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша ұсынылды.


Жетістіктері:

-  2005-ші жылы Қызылорда қаласында өткен ХІІІ театр фестивалінде

   «Ең үздік ер адам»  номинациясын жеңіп алды.

 -  2009-2010 ж.ж. ҚР Президенті Стипендиясының иегері.

-  2010 жылы  Иран  Мемлекетінде өткен Халықаралық театр фестиваліне  театр ұжымымен өнер  көрсетті.

-   2011 ж. Астана қаласы әкімі И.Н.Тасмағамбетовтің «Ең үздік актер» номинациясы бойынша грант иегері атанды.

-   2013 ж.  VI «Менің Қазақстаным» патриоттық форумында «Ұлт патриоты» атанды.

-   2013ж. Ақмола облысы, Көкшетау қаласында Абылай ханның 300 жылдық мерейтойында, Тараз қаласында өткізілген Төле бидің 350 жылдық мерейтойын жүргізді.

-   2014 ж. «Қасым» фильмі үшін  Ресей  Федерациясы, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев  тағайындаған «Кузбасс» Құрмет орденімен марапатталды.

 - 2015 жылы Мәдениет және спорт  министрлігінің  ұйымдастыруымен  Қазақ  хандығының  550-жылдығына  арналған  «Мәңгілік Ел» театрландырылған  қойылымында  Керей хан бейнесін сомдады.

- 2015 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

-  2016 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

- 2016 жылы Қ.Қыстықбаев Ғайып (Гаев) рөлін кескіндеген А.Чеховтің «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.

- 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)  МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне .Қыстықбаев Ғайып (Гаев) рөлін кескіндеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивальдерінен   театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері –Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

2020 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

«Театрдың ақпарат орталығы»