Актер

1978 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев  ауылында дүниеге келді.

1984-1993 жылдары С.Қожанов атындағы мектепте  оқыған.

1993-1997 жылдары Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің  музыкалық тәрбие бөлімінде баян класы бойынша білім алды.

1997-1999 жылдары Алматы қаласы Б.Ибрагимовтың әзіл-сықақ театры жанынан ашылған эстрадалық мектеп студиясында дәріс алған.

1999-2000 жылдары «Керемет» әзіл-сықақ  театрының актері ретінде жұмыс жасады.

2000-2006 жылдары Қ.Жандарбеков атындағы  Жетісай драма театрының актері ретінде қызмет атқарды.

2006 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ  музыкалық драма театрының актері қызметін атқарып келеді.

Туған жылы: 12 қаңтар 1978ж.
Сомдаған рөлдері:
Марапаттары:

2015 жылы ҚР Президентінің атынан «Құрмет» грамотасын иеленді.