Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

      1979ы 4 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.                        

      1999 жылы  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік  кино және театринститутының актер бөлімін бітіріп, Қазақстанның Халық Қаһарманы Ә.Мамбетовтің шақыртуымен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қызметке келді.

Туған жылы: 4 қаңтар 1979ж.
Театр сахнасында сомдаған рөлдері:
Қазақ кино өнеріндегі еңбектері:
  • Отандық «Ұлжан» \мелодрама\ телехикаясы  - Сапар; (2003 ж, Режиссері: Серікбол Өтепбергенов), «Сырғалым» \драма\ телехикаясы – Бақтияр;

    (2014 ж, Режиссері: Дмитрий КоробкинРашид Сулейменов),

    «Арнайы өкілдер» (2015 ж, Режиссері: Серік Смағұл) «Қызыл алма» телехикаяларында басты рөлді сомдады. Үлкен экрандарға жол тартатын көптеген телефильмдер мен шетелдік фильмдерді қазақ тілінде дубляждау жұмысымен айналысады.

    Сырым Қашқабаев – бүгінгі таңда қазақ театры мен кино өнеріндегі жоғары сұранысқа ие актердің бірі.

Жетістіктері:
  • 2001 жылы бірінші Республикалық театр блиц-мини  комедия фестивалінің  дипломымен марапатталды.

    2006  жылы ҚР мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

    2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде Д.Рамазанның "Кенесары - Күнімжан" драмасындағы Кенесары образын сомдап - "Ең үздік ер адам бейнесі үшін" номинациясын жеңіп алды.

    2011 жылы «Қаллеки» театрының ұжымы өткізген «Өз актеріңді таны!» - акциясы барысында көрермендердің таңдауымен «Үздік актер» номинациясын жеңіп алған.

    2015 жылы ҚР Президентінің атынан Қазақстан халқы

    Ассамблеясының «ҚҰРМЕТ» грамотасына ие болды; Бұл сый Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін берілді. 

    2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Қазақстан

    Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. 

    2017 жылы Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін

    "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры" сыйлығына ие болды.

    Халықаралық «Азия дауысы», Республикалық «Жас қанат» сынды фестивальдерінің тұрақты жүргізушісі болды.

    Хабар арнасындағы «Орталық Хабар» бағдарламасын жүргізді;

     «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылуына арналған салтанатты кеш жүргізушісі;