Актриса, ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

Тоқманғалиева Сая Тұрғазықызы 1982 жылы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы  Абай ауданында дүниеге келді.

1989-1999 жылдары Көкбай  атындағы орта мектебін бітірді.

2000-2003 жылдары Семей қаласының М.Төлебаев атындағы  саз колледжінің педагог-организатор бөлімін тәмамдады.

2003-2007 жылдары Астана қаласының Қазақ Ұлттық Музыка Академиясын үздік  бітірді.

2004 жылы «Шабыт» Халықаралық байқауында көркем сөз оқу шеберлігінің лауреаты атанды.

2005 жылы   «Жас бәйтерек»   жастар байқауының гран-при иегері.

2007 жылдан бастап  Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса болып жұмыс атқарады.

2015 жылы Қазақстанның «Серпер» Жастар сыйлығын иеленді.

2007-2008 жылдары Астана қаласы №2 өнер мектебінде ұстаздық қызметте болды. «Шаттық» дельфийлік ойындарында шәкірттері «көркем сөз оқу» аталымы бойынша алтын белгілерге ие болды.

Туған жылы: 23 қыркүйек 1982ж.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Фильмдегі рөлдері:
  • «Алып қашу операциясы» - мұғалім, реж. С. Расулов

  • «Астанаға көктем кеш келеді» - құрбысы, реж. Е.Рақышев

  • «Бір келіншек» 

Жетістіктері:

Актриса Сая Тоқманғалиева Си бейнесін сомдаған  «Үкілі жұлдыз» спектаклі  2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға,  жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестиваліне қатысып Гран-приді жеңіп алды. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.