Актриса

1983 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келді.

1990-1998 жылдары Арал қаласындағы қазақ орта мектебінде оқып, 1998-2000 жылдары Алматы қаласында Ж.Бәйсейітова атындағы  қазақ музыкалық арнайы мектебін бітірген.

2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды.

2004-2006 жылдың маусым айына дейін  «Нұр думан» студиясында әнші болып  жұмыс істеді. /«Ерке» тобы/

2006 жылдың қыркүйегінен бастап,  Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін  атқарып келеді.

Туған жылы: 3 қазан 1983ж.