Актер, ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
Ордабаев Шах-Мұрат Сайлаубекұлы 1986 жылы 16 қазанда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасына түсіп, 2010 жылы «драма театры және кино актеры» маманы болып шықты.
2010 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қабылданды.
Туған жылы: 16 қазан 1986ж.
Театр сахнасындағы рөлдері:
- М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Балпық
- У.Шекспир «Гамлет» - Розенкранц
- Е.Жуасбек «Сен үшін» - жігіт
- Е.Жуасбек «Антивирус» - Самат
- Д.Рамазан «Кенесары-Күнімжан» - Карбышев
- Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» - Самир, Манюэль
- Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» - Хасен
- Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Жуан-жуан
- Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» - Князь Ураков
- Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» - Ақшулан
- Халық ертегісі «Ер Төстік» - Жолдыаяқ
- М.К.Машаду «Бразилия байлығы» - Хамелеон
- Р.Отарбаев «Әміре» - Иса
- Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Граф Гарвик
- И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - түрме күзетшісі
- Е.Шварц «Күлше қыз» - ІІІ шам
- Қ.Жүнісов «Сәкен Сұңқар» - Өкіл
- А.Чехов «Шие» - Жарас