Актриса

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылында 5 маусым 1989 жылы дүниеге келген. 1995 жылдан бері Астанада тұрады. №8 мектепте оқыған.  2006-2010ж.ж. Қазақ ұлттық өнер университетінің  «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының  «драма және кино актері» мамандығын тәмамдаған. 2009 ж. бастап - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін атқарып келеді.                             

Туған жылы: 5 маусым 1989ж.
Сомдаған рөлдері:
Жетістіктері:

2011 жылы «Қаллеки» театрының ұжымы өткізген «Өз актеріңді таны!» - акциясы барысында көрермендердің таңдауымен «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды.

2012 жылдың  1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында І.Омаровтың 100 - жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне - Ж.М.Шевренің "Ізгілік формуласы" атты комедиямен қатысып, "Үміт" номинациясын иеленді.