Актриса, ҚР “Дарын” Мемлекеттік Жастар сыйлығы лауреаты

Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы 1990 жылы 2 қарашада Қарағанда облысы, Ағадыр ауылында дүниеге келген.

2006 - 2010 жылдарыы  Жезқазған қаласындағы музыкалық колледжінде, халық аспаптар бөлімінде «Қыл-қобыз» классын үздік бітірген.

2010 жылы Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Актер шеберлігі және режисура» кафердасына түсіп, «Драма театр және кино актеры» мамандығын бітіріп шыққан.

2007-2010 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы «С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрында» актер болып қызмет атқарған.

2014 жылдан бастап «Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында» актриса болып қызмет атқарып келеді.

Туған жылы: 2 қараша 1990ж.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Шығармашылық байланыста жұмыс жасаған режиссерлері:
  • Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменов

  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов

  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков

  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов

  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай

  • Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері Айрат Абушахманов

  • Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Потапов

  • Жас режиссер Жұлдызбек Жұманбай

 

Жетістіктері:

- 2016 жылы актриса Серкебаева Алтынгүл Дарияш рөлін бейнелеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.

- 2017 жылы «Шие» комедиясы Челябі қаласында (Ресей)  МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  қатысып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутиядан арнайы  шақыртылған  танымал  театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.