Актер

Серіков Әбілмансұр Абдунасырұлы 1991 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы М. Әуезов атындағы №128 мектеп табалдырығын аттап, 2009 жылы №142 орта мектепті тәмамдаған.

2009-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, белгілі театр және кино актрисасы, профессор Машурова Рахилям Абдрахманқызының шеберханасына оқуға түсіп,  «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

Төртінші сынып оқып жүргеннен бастап, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрына шақырту алып, өнердегі алғашқы еңбек жолын бастаған. Сахнадағы бастапқы рөлі драматург М. Қабанбайдың «Жиһангез Тити» ертегісіндегі  бас кейіпкер – Тити. Кино өнеріне алтыншы сынып оқып жүргеннен бастап түсе бастады.

2013 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды.

Туған жылы: 7 желтоқсан 1991ж.
Сахнадағы рөлдері:

«Бремен музыканттары» – тыңшы, «Маугли» – Маугли, «Қош келдің, Жаңа жыл» – тышқан, т.б.

2015 жылы  Астана  қаласындағы  Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына шақырту алып, еңбек жолын елорда сахнасында жалғастырып келеді.

Фильмографиясы:

–  «Шолпанның күнәсі» (реж. Б. Шәріпов) 2005 ж.;

–  «Ангелочек» сериал (реж. А. Альпиев, Э. Гильман) 2008 ж.;

–  «Біржан сал» (реж. Д.Жолжақсынов) 2009 ж.;

–  «Балалық шағымның аспаны» (Р. Әбдірашов) – елбасы, 2011 ж.;

–  «Жаужүрек мың бала» (реж.: А. Сатаев) – Қасымның баскесерлері, 2011 ж.;

–  «Вопреки всему» сериал (реж.: А. Сахаманов) – Рүстем, 2014 ж.;

–  «Одноклассники: Комок» сериал, 2014 ж.; 

–  «Сұрбойдақ» сериал (реж.: А. Ұзабаев) 2014 ж.;

–  «Жедел жәрдем 2» сериал (реж.: С.Смағұл) 2014 ж.;

–  «Ұлжан» сериал (реж.: С. Смағұл) 2014 ж.;

–  «Несломленный» сериал (реж.: В. Восгиморукиан) – Дос 2015 ж.;

–  «Кеңесшілер» сериал (реж.: Қ. Мұстафин, Р. Қосай) – Арман, 2015 ж.;

–  «Махаббат көктемі» (реж.: К. Абылов) 2015 ж.;

–  «Жібек» сериал (реж.: А. Сахаманов, Н. Әлмұрат) – Мирас 2015 ж.;

–  «Таңдау» сериал (реж.: А. Сахаманов, Н. Әлмұрат) – Алдияр 2015 ж.;

–  «Сүйе білсең» сериал (реж.: Е. Нұрғалиев) – Бауыржан 2016 ж.

Жетістіктері:

   -    2015 жылы Мәскеу қаласында өткен «Золотой Витязь - 2015» Халықаралық театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліндегі Пернебек рөлі үшін «Алтын диплом» иегері атанды.

   -    2017 жылы Қазақстан Театрлар Ассоциациясы тағайындаған «Сахнагер-2017» Тұңғыш ұлттық сыйлығының «Үміт» аталымы бойынша – Әбілмансұр Серіков марапатталды.