Актриса

Танабаева Ақмарал Нұрайқызы  1993 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. 2010-2014 жылдары Астана қаласы, Қазақ ұлттық Өнер Университетінің «Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бекназар – Ханинга Лейло Ақназарқызынан дәріс алған.

Алғашқы өнердегі жолын 2012 жылы ақпан айында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында бастаған. Бүгінгі күнде театрда кәсіби мамандардың қатарына кіріп, көптеген басты рольдерді кейіптеп жүр.

Туған жылы: 1993ж.
Сомдаған рөлдері:
Фильмдегі рөлдері:

телесериал: «Алтын ұя» – Кәмшат (реж. Е.Рүстембеков), көркем фильм: «Ақжол» - Махаббат (реж. Ф.Шарипов), қысқаметрлі фильм: «В поисках потерянной мечты» - Эля.

Шығармашылық бірлестікте жұмыс істеген режиссерлер:

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Т.Теменов

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Б.Ұзақов

Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Абушахманов

Якутияның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері С.Потапов

Марапаттары:

         2014 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» директоры С.Сраиловтың «Ең жас қызметкер» номинациясы бойынша алғыс хатын иеленді.

         2015 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасын иеленді.

         2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр мерекесіне орай көрермендер арасында өткізілген «Өз актеріңді таны!» атты акциясының қорытындысы бойынша «Үміт» номинациясын жеңіп алды.

         2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде  қаласында  XIII  Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық  драмасындағы - Инга рөлі үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанты атанды.

         2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткен XIII  Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық  драмасындағы - Инга рөлі үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанты атанды.

         2016 жылы актриса Ақмарал Танабаева басты рөлді ойнаған А.Чеховтің «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.

          2016 жылы актриса Ақмарал Танабаева басты рөлді ойнаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін иеленді.

         2017 жылы Астана қаласы әкімі Ә.Исекешевтің алғыс хатын иеленді.

         2017 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Кеңес Нұрланов атындағы сыйақыны иеленді.

         2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)  МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне  актриса Ақмарал Танабаева басты рөлді ойнаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивальдерінен   театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері –Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

         2018 жылы Ақмарал Танабаева басты рөл Дездемона бейнесін сомдаған «Отелло» спектаклі «Золотой Витязь» XVI Халықаралық театр форумында «Гран-При» бас жүлдесіне ие болды.

Жетістіктері: