Актриса

1994 жылы 2 наурызда Қостанай облысы Аманкелді ауылында дүниеге
келген.
2009-2013 жылдары Көкшетау қаласындағы «Ақан сері» атындағы мәдениет
колледжінің «Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстан
Республикасының мәдениет қайраткері А.Оспановадан дәріс алды;
2013-2017 жылдары Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің
«Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасыының Еңбек
сіңірген қайраткері Ақыш Омардың шеберханасында оқыды.
Алғашқы өнердегі жолын 2016 жылы наурыз айында Қ.Қуанышбаев
атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында
Талғат Теменовтың «Аққудың көз жасы» - Бегімай рөлін сомдаумен
бастаған.

Туған жылы: 2 наурыз 1994ж.
Дубляждағы рөлдері:

«Рольф интернетке қарсы», «Супер отбасы», «Головоломка», «Элиф»,
«Жазмыш», «Детектиф ханым», т.б.
Марапаттары:
«Шабыт» XX Халықаралық шығармашылық жастар – фестивалінде
«Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Лауреат атанған.