Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Рымкеш Омарханова - 1939  жылы  30  қазанда  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы, Жаңа негіз бөлімшесі Сарытау ауылында дүниеге келген.

1959  жылы  Қарағанды  музыкалық  училищесінде оқыды. Осы жылдары Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы қазақ музыкалық драма театрында актриса ретінде қызмет жасады.

1990 жылы Целиноград қаласының әкімшілігінің шақыруымен қазақ театрын ашуға шақырылды. Қазіргі Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ашылуына ат салысып, осы күнге дейін еңбек етіп келеді. Рымкеш Омарханова өзінің өнер саласындағы көп жылғы еңбегінде көптеген дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды және облыстық, райондық депутаттыққа сайланды.

1957 жылы Қазақстан Жастар Одағы комитеті ұйымдастырған фестивалінде лауреат болды.

1969 жылы Қарағанды облысы бойынша депутаттыққа сайланды.

1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапаталды.

1983 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі» атағын алды.

1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі берілді.

2014 жылы Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алды.

2014 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында «АҚ САМАЙЛЫ АКТРИСА...» атты 75 жас мерейтойына арналып шығармашылық кеші өтті.

Туған жылы: 30 қазан 1939ж.
Ойнаған рөлдері: