Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ыбыраев Болат Қалыбекұлы 1954 жыл 23 маусымда  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Н. Әбдіров ауылында дүниеге келген.

1960-1970 жылдары он жылдық мектепті бітірді.

1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1975-1979  жылдары Алматы Театр және көркемсурет институтының театр және кино актері бөлімін тәмамдады.

1979-1990 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында актер болып қызмет істеді.

Елордамыздағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушыларының  бірі. 1990 жылдан аталмыш өнер шаңырағында қызмет атқарып келеді.

- 2015 жылы «Қаллеки» театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актер – Ыбыраев Болат Қалыбекұлының 60 жасқа, шығармашылығына 40 жыл толуына орай шығармашылық кеші өтті.

Туған жылы: 23 маусым 1954ж.
Ойнаған рөлдері:
Марапаттары:

2002 жылы 12 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2013 жылы – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.