Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1955 жылы 6 қараша Шымкент облысы, Сайрам ауданы, «Көмаш бұлақ» ауылында дүниеге келген.

1972 жылы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетінің актерлік бөліміне оқуға түсті. 

1978 жылдан бастап, Шымкент облыстық  Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті.

1990 жылдан бастап, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етіп келеді. Яғни, осы аталмыш, өнер шаңырағының негізін қалаушыларының бірі.

1996 жылы Башкирияда өткен ІІ-ші Халықаралық театрлар фестивалінде ең үздік мақтау қағазымен  марапатталды.

Туған жылы: 6 қараша 1955ж.
Сахнада сомдаған бейнелері:
Марапаттары:

2001 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында актрисаға «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

2014 жылы Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық артисі С. Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне Ш. Айтматовтың «Ана-Жер ана» спектаклімен қатысып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. Атымтаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

2017 жылы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің алғыс хатын иеленді.