Актриса, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері

Карина Зибагүл Жақсылыққызы 1960 жылы 13 маусымда Қостанай облысы, Жанкелді ауданында дүниеге келген.

1967-1977 жылдары  Жанкелді ауданындық мектебін тәмамдады.

1977-1979 жылдары Арқалық музыкалық  драма театрында актриса болып қызмет атқарды.

1979-1983 жылдары Алматыдағы театр және көркемсурет институтында оқып, кино және драма актері мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1983-1988 жылдары Торғай облысының Арқалық қаласындағы драма театрда қызмет атқарды. 1985 жылы Тблисиде өткен Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған жас театрлар фестиваліне қатысқан Ә.Таразидің «Қыз махаббаты» спектакінде Сәниянің рөлін бейнеледі. Аталмыш театр сахнасында М.Карим «Тастама отты Прометей» - Агазия, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - Айша, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Жібек, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Алмушка рөлдерді кескіндеді.

1985 жылы Мәскеу қаласында кәсіби біліктігін арттыру мақсатында профессор М.М.Гладков пен Новохожиннан тәжірибе жинақтайды.

1985 жылы Торғай облыстық мәдениет бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапалталды.  

1988-1995 жылдары Жезқазған қаласында қазақ музыка драма театрында қызмет атқарды. Осы театр сахнасында 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектаклінде Жібек рөлін кескіндеді. 1992 жылы Республикалық Ғ.Мүсіреповтің мерейтойлық фестивалінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі ГРАН-ПРИ алып,  Баян рөлі үшін дипломмен марапатталды. 1993 жылы аталмыш спектакль Египеттегі Халықаралық театрлар фестивалінде жоғары бағаланды.

1990 жылы Жезқазған облыстық облыстық мәдениет бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.  

1995 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарып келе жатыр. Актриса театр репертуарынан бірден орын алды.

1996 жылы Уфада өткен Халықаралық фестивальде мәскеулік сыншылардың жоғары бағасын алған «Алдар Көсе» спектаклінде Дәметкен атты кейіпкерді кескіндеді.

«Сәлем, Астана!» Халықаралық фестивалінде режиссер Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек қойған «Қуыршақ» қойылымында өнер көрсетті.

«Алжир» спектаклінде ойнады.

Туған жылы: 13 маусым 1960ж.
Сомдаған рөлдері:
Карина Зибагүл Жақсылыққызы өзін тек драма актері ретінде ғана емес, сондай-ақ кино актері ретінде де көрсетуде:
  • 1981 жылы С. Райбаев «Три дня праздника» - кино режиссерінің көмекшісі,

  • 1986 жылы Б.Мансұров «Сайтан көпір» - Қамқа, Малика;

  • 1987 жылы О.Сүлейменов «Балкон» - Жанна,

  • 1990-1991 жылы Киностудия «Каратис» «Сұрапыл Сұржекей» - ауылнайдың әйелі,

  • 2005 жылы Ә.Кекілбаев «Кек» - Хадиша,

  • 2012 жылы Қ. Мұстафин, А. Сахаманның 100 сериялды «Қара шаңырақ» сериялы - Рыскүл Ахметқызы,

  • 2013 жылы Ф. Шарипов «Инопланетяне не причем» - Әшел

  • 2014 жылы 100 бөлімді ауқымды «Қара шаңырақ» телехикаясында Меруерттің анасы – Рыскүл Ахметовна,

  • 2015 жылы Е.Рүстембековтың «Алтын ұя» телехикаясы – Анасы,

  • 2016 жылы А. Дайырбеков, Е. Рустембековтің 100 сериялы «Айман-Шолпан» сериялы - Несібелі, т.б.

Зибагүл Жақсылыққызы телевизия саласында да түріктің 50 сериялы «Цветущие мечты» фильмін қазақша сөйлетуге қатысты.

Қазақ ұлттық өнер университетінде «вокал өнері» кафедрасында актер шеберлігі мен сөйлеу мәдениеті пәндерінен сабақ берді. Өз ісінің қыр-сырын меңгерген актрисаның шәкірттерінің қатарында еліміздің атын әлемге танытып жүрген С.Байгожин, А.Жылтыргөзовтар бар. Өзге шәкірттері де Республикалық, Халықаралық байқауларда топ жаруда.

Жетістіктері:

2007 жылдан бастап, «Нұр Отан» ХДП мүшелігіне өтіп, теарда партияның бастауыш ұйымын құрып, оның төрайымы болды. Президент басқаратын партияның жұмысын насихаттаудағы Белсенді қызметі үшін бірнеше рет «Алғыс хаттары» мен «Грамоталарымен» марапатталды.

2008 жылы Астана қалалық мәдениет департаментінің Құрмет Грамотасын иеленді. 

2008 жылы елорданың 10 жылдығына орай «Астана» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2010 жылы Республикалық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатын иеленді.

2011 жылы Президент сайлауын өткізудегі белсенділігі үшін «Нұр Отан» ХДП «Алғыс хатымен» марапатталды.

2011 жылы Сарыарқа ауданы бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат болып «Нұр Отан» ХДП-нан ұсынылды.

2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2015 жылы Елбасының «Алғыс хатын» иеленді.

2017 жылы Астана қаласының әкімі Ә.Ө.Исекешевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2017 жылы Карина Зибагүлдің театр саласында еңбек еткеніне 40 жыл толды.