Режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушысы

Туган жылы: 1939-1996 ж.ж

Жақып  Омарұлы  1939 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы Мәдениет ауылында дүниеге келген.

Шығармашылық жолына зер салсақ:

- 1960 жылы М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының жанындағы театр студиясын бітірген; 

-1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік Өнер Институтының режиссерлік бөлімін тәмамдады;

-1960-1961 жылдары Қарағанды қазақ драма театрының актері  қызметін атқарды;

- 1961-1971, 1980-81 жылдары Алматы қаласы М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып жұмыс жасады;

- 1971-72 жылдары Жамбылдың (кейінірек Тараз) Абай атындағы қазақ драма театрының бас режиссері;

- 1972-80 жылдары Қарағанды қаласы С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының бас режиссері;

- 1980-90 жылдары Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының  бас режиссері; 

- 1990 жылы Ақмоланың  Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ  музыкалық  драма театрының  негізін  қалаушы және көркемдік жетекшісі;

Көркемдік деңгейі жоғары сан жанрлы спектакльдер қойған: 

 -1980 жылы Бүкілодақтық классикалық  драматургия спектакльдері байқауында «Макбет» спектаклі үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 - Бүкілодақтық әскери-патриоттық тақырыптағы спектакльдер байқауында  Д. Исабековтың  «Тыныштық күзетшісі»  спектаклі үшін

«А. Попов атындағы күміс медалімен» марапатталды;

 -1993 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді;

 -1996 жылы Уфа қаласында түркі тілдес халықтардың II «Туғанлық» фестивалінде режиссер Ж.Омарұлының «Алдар көсе» спектаклі үш номинация бойынша жеңіске жетті:

«Өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» номинациясы - Жақып Омарұлына;

 «Үміт» номинациясы - жас ұжымға;

 «Екінші кезектегі үздік рөлі үшін» номинациясы актер Шәміл Жүніске берілді.

Ж. Омарұлы жетекшілік еткен жылдары – Шәміл Жүніс, Рымкеш  Омарханова,  Түймехан Атымтаева, Гүлбаршын Қылышбай,

Әлия Дәуітова, Айман Аймағамбет,  Бақыт Исабекова, Болат Ыбыраев,

Асхат Сұлтан сынды актерлер бірге жұмыс атқарып, театрдың негізін қаласты.

Ж. Омарұлынан  кейін театрға  1996-1998  жылдары  Қадыр Жетпісбаев келді. Бұл уақыт аралығы театрдың қалыптасу кезеңі болатын.