Театр әдебінің талабы:
Қадірлі көрермен!
- Сіздерге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы этикет пен мінез-құлықтың негізгі қағидасын ұсынады:
- Театрға адам жағымды жандармен, топпен, соның ішінде балалармен барады. Кешкі спектакльдерді балалар 7 жастан бастап көре алады.
- Театрға сәнді киіммен келген абзал /спорттық үлгідегі киімдермен кіруге рұқсат жоқ/. Сырт киіміңізді, сондай-ақ артық заттарыңызды гардеробта, кіреберістегі киім ілгіште тастап кетесіз.
- Көрермен залына арнайы қоңырау соғылған соң кіру қажет. Үшінші қоңырау соғылғаннан соң көрермен залына кіруге тыйым салынады.
- Театрда фото және видеотүсірілім мүлдем тыйым салынған. Егер қолыңызда фото немесе видеокамера болса, театр қызметкері сізді залға өткізбейтініне даяр болыңыз.
- Гүлдерді көру залына алып кіруге рұқсат жоқ. Дегенмен егер сіз алдын-ала сахнаның сыртына апарып қойсаңыз, әрқашанда сүйікті артисіңізді бір шоқ гүлмен болмаса седеп толы гүлдермен қуанта аласыз. Мұны реттеуге театр қызметкері қол ұшын бере алады.
- Театр әкімшілігі жарияланған спектакльді басқа қойылыммен ауыстыруға құқылы. Осындай жағдайда билеттерді спектакль басталғанша кассаға кері қайтаруға болады. Актердің ауысуы билетті кері өткізуге себеп бола алмайды.
Құрметпен, Театр әкімшілігі