Qalleki театр лабораториясының «Войцек» драмасы Павлодар қаласында өтетін Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестиваліне қатысады.
«Войцек» спектаклінің режиссері Ұлан Қабыл. Қоюшы суретші – Шынар Елембаева.
Махаббат, қызғаныш – сүйген адамды өлтіруге дейін апаратын сезім. Сол сезіммен күрескен Войцектің тағдыры үлкен психо-эмоцияналдық драмаға айналады.
Фестиваль аясында «Войцек» драмасын 23 қыркүйек күні Ж.Аймауытов театрының сахнасынан тамашалай аласыздар.