1998 жылы 2 қаңтар күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келді.
2004-2012 жылдары аралығында Ж.Сыдықов атындағы орта мектепте білім алды.
2015-2019 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультеті Г.Б.Аманжанова, К.Адылов шеберханасында «Актер» мамандығы бойынша білім алды.
Студенттік шақта ойнаған рөлдері:
– М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым;
– А.П.Чехов «Аю» – Смирнов;
– Ағайынды Гримм «Бремендік музыканттар» – Сақшы;
– Б.Брехт «Сычуаньнан шыққан мейірімді адам» – Эксперимент;
– Н.Гоголь «Өлі жандар» – Собакевич;
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
2020 жылы 15-16 шілде күндері «Актерлік шеберлік.Пьеса және рөл талдау. А.П.Чехов драматургиясы» тақырыбында 16 сағаттық оқуға қатысты. (Ресей театр өнері институты – ГИТИС)
2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.
2022 жылы жас актер Бәзіл Сұлтанғызының режиссерлігімен сахналанған О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Т.Теменов «Ақ жауын»/А.Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасына фантазия/ – Рамазан; Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов;
М.Әуезов «Абай» /трагедия/ – Мағауия; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Т.Әсемқұлов «Құнанбай»/драма/ – Жас Құнанбай; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;
Р.Мұқанова «Бопай ханым» /тарихи трагедия/ – Нұрәлі хан; Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
М.Әуезов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Арыстан тобында; Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш; Режиссері: Ф.Молдағали
М.Сервантес «Дон Кихот» /трагикомедия/ – Дон Кихот; Режиссері: Ә.Өмірбекұлы
О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жігіт. Режисері: Б.Сұлтанғазы
С.Қайырбек «Кешкі 7» – Кейіпкер. Режисері: Б.Сұлтанғазы
М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша. Режиссері: Г.Миргалиева
П.Бомарше «Фигароның үйленуі» – Граф. Режиссері:Н.Жұманиязов
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Тибальт. Режиссері: У.Баялиев
Дубляж саласындағы рөлдері:
Disney/Pixar студиясының «Алға»
(Onward) анимациялық фильмі – Барли;
Режиссерлік жұмыстары:
2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.
2023 жылы Qalleki театр лабораториясы «Кешкі 7» /спектакль-концерт/ режиссері.
2025 жылы Ж.Әлікен «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» /драма/ режиссері.

