Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«ПАРИЖДЕГІ ЕКІ ӘЙЕЛ»

«ПАРИЖДЕГІ ЕКІ ӘЙЕЛ»

Автор: Ра Джин-Хван

Режиссер: Ра Джин-Хван (Оңтүстік Корея)

Актерлік құрам:  Ким Сохи, Хан Юнчхун, Мун Кёнхи, Пак Хобин, Ан Сондже, Джин Сонун, Ким Намын, Ким Тэмён, Чу Инсо, Чхой Ыну, Ким Нахён (Оңтүстік Корея), Анастасия Ксенофонтова (Ресей), Асылбек Қапаев, Ақмарал Танабаева (Қазақстан)

 Жобаның басты ерекшелігі – үш елдің театр әртістерінің бір сахнада өнер көрсетуі.

Спектакль оқиғасы 1940-жылдардағы Парижде өрбиді. Люксембург бағында жолыққан екі әйел – Кореяның алғашқы кәсіби әйел суретшісі, тәуелсіздік жолындағы күрескер На Хэ Сок пен А.Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы қиялдан туған кейіпкер Раневская өткен өмір, жоғалған есімдер, азап пен үміт жайлы сыр шертеді. Нақты тарихи тұлға мен әдеби кейіпкердің тоғысуы арқылы қойылым тәуелсіздіктің мәнін жеке адам тағдыры тұрғысынан ашады.

Спектакльдің арнайы көрсетілімі Корея Республикасының елшілігінің Корей мәдени орталығының қолдауымен өтеді.

 

Автор: Ра Джин-Хван
Режиссер: Ра Джин-Хван (Оңтүстік Корея)
Жанр: спектакль
Ұзақтығы: 180 минут (антрактпен)

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?