Садықов Қайыржан Бауыржанұлы
Актер
Садықов Қайыржан Бауыржанұлы 1999 жылы 1 наурыз күні Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
2005-2016 жылдары 14-орта мектеп гимназиясында білім алды.
2016-2020 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында тәлім алды.
2019 – 2021 жылдары Алматы қаласындағы Бәйтен Омаров атындағы Жас сахна театрында актер қызметін атқарды. Осы жылдары А.Дударевтің «Ким» спектаклінде Каралев, Н.Думбадзе «Я бабушка Илика, Иларион и собака мурада спектаклінде Ромуль рөлін сомдады.
2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Р.Мұқанова «Бопай ханым» — Жас Әбілқайыр;
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек тобындағы жігіт,
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш;
А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Гарри;
М.Сервантес «Дон Кихот»;
Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Айдар;
П.Бомарше “Фигароның үйленуі” – Граф
Г.Х.Андерсен “Ертегі түннің әуені” – Інісі;
Ж.Әлікен “Жүрек сыры. Махаббатым сен” – Ержан;
Б.Брехт “Шеңбер” – Симон;
Ә.Кекілбаев “Күй” – Көкбөрі;
Л.Толстой “Анна Каренина. Роман парақтары” – Алексей Вронский;
Д.Исабеков “Бонапарттың үйленуі” – Бонапарт;
М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” – Әзімбай

