Алишев Руслан Қайратұлы
Актер
Алишев Руслан Қайратович – 1997 жылы 16 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
2004-2015 жылдары Ақтөбе қаласы Россовхоз ауылы, Россовхоз орта мектебінде оқыды.
2015-2017 жылы Ақтөбе қаласы АГУ «Тарлан» колледжінде актер мамандығында оқыды.
2017-2021 жылы «Қазақ Ұлттық Өнер университетінде» актерлық өнер мамандығын оқыды.
2021 жылдан бастап Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Асқар
М.Әуезов «Айман-Шолпан»–Жолбарыс
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – жас Барақ
Д.Рамазан «Жошы Хан» – Қолтуған Ханзада
П.Бомарше “Фигароның үйленуі” – Педриольо
Т.Әбдік “Пасат майданы” – Полиция қызметкері
Ж.Әлікен “Жүрек сыры. Махаббатым сен” – Сәбит
Ә.Кекілбаев “Күй” – Күйші
2022-2023 жылдары әскерде болған.

