Рус Қаз Eng

Шөкенов Темірлан Қанатұлы

перкуссионист, домбырашы, сыбызғышы, композитор, өндеуші

Шөкенов Темірлан Қанатұлы – композитор, мультиаспапшы, перкуссионист, қазақ ұлттық және этникалық аспаптарының орындаушысы.

Шөкенов Темірлан Қанатұлы 1996 жылы 19 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қарағанды қаласындағы Қ.Аманжолов атындағы өнер мектебінің домбыра сыныбына оқуға түсіп, 2012 жылы Гаухар Тілешқызының сыныбын тәмамдады.

2012–2016 жылдары Тәттімбет атындағы өнер колледжінде білім алып, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанды.

2017 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне (ҚазҰӨУ) оқуға түсіп, 2021 жылы Дәулет Тапенов сыныбын тәмамдады. Университет қабырғасында жүріп көптеген концерттер мен мәдени іс-шараларға белсене қатысып, Қазақстан өнерін шетел сахналарында насихаттады. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы, Германия, Түркия, Франция, Австрия және Грузия елдерінде гастрольдік сапарларда болды.

Оқу барысында қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық аспаптарын меңгеріп, фольклорлық және этникалық бағытта кәсіби орындаушы ретінде қалыптасты. Орындайтын аспаптары: домбыра, сыбызғы, шаңқобыз, көмеймен ән салу, дарбука, кахон және басқа да этникалық аспаптар.

2019–2021 жылдары Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында халық аспаптар ансамблінің перкуссионисі болып еңбек етеді.

2021 жылдан бастап композиторлық шығармашылықпен айналыса бастады. Алғашқы туындылары «Сарыарқа» ансамблінің орындауында жарық көрді. Бүгінде оның шығармалары мен ансамбльге арналған өңдеулері Қазақстанның көптеген өңірлерінде тұрақты түрде орындалып келеді. Атап айтқанда: Түркістан, Көкшетау, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды және Астана қалаларында сахналанып жүр.

Авторлық шығармалары:

«Жайсаң дала»

«Рухты ел»

«Самғау»

«Рухани тербеліс»

«Нұр Ақжелең»

«Ғасырлар әуені»

«Ортеке күйі»

«Сағыныш»

«Аспаптар шеруі»

Ансамбльдерге өңделген әндер:

Халық әндері мен кәсіби композиторлардың шығармаларына жасалған өңдеулері репертуарға кеңінен енген. Олардың қатарында:
«Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ақерке», Н.Тілендиев – «Саржайлау», К.Әзірбаев – «Көкшолақ», «Ләйлім», «Ләйлім шырақ», «Сары бидай», «Беу айдай», Т.Сарыбаев – М.Мақатаев «Наурыз», Н.Ахметбеков «Серінің әні», Ж.Сейілов «Ұлытау», Ш.Қалдаяқов «Сен сұлу», Сүгірдің термесі, «Қазақтың бәрі туысқан», «Көк бөрі», «Нақ-нақ» және т.б.

Өңделген күйлер:

«Секіртпе»

«Қара жорға»

Қазанғап – «Ақжелең»

Қазанғап – «Құс қайтару»

Мұрат Құсайынов – «Пір Дастан»

Шалмырза – «Терісқақпай»

Құрманғазы – «Қызыл қайың», «Қызыл қайың серпер»

Қуаныш Рахмет – «Анама»

Жетпіс Нұрмағанбетов – «Мұзтау»

Шөкенов Темірлан Қанатұлы ұлттық музыка мен заманауи орындаушылықты ұштастыра отырып, қазақ фольклоры мен этникалық музыканың дамуына өз үлесін қосып келе жатқан жас композитор әрі орындаушы.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?