АСТАНА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

6 шілде – еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі, Астана күні. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы ерекше бетбелес, ел болашағына бағытталған тың қадамның символы.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Ресми түрде көшіру процесі 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асты.
1998 жылдың 6 мамырында ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертіліп, 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана ретінде халықаралық таныстырылымы өтті.
Бүгінде Астана тәуелсіздіктің тұғыры, ел бірлігінің бейнесі, жарқын болашақтың нышаны.
Барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, Елордамыз нұрлы болсын!