Құрметті көрермен!

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 10 қыркүйек күні 19:00де Сіздерді XXXV театр маусымының салтанатты ашылуына шақырады!
Жаңа маусым шымылдығы ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі «Абай» қойылымымен ашылады.
Кеш бағдарламасы:
17:00 – «Домбыра party» (көрерменмен бірге күй шерту, ән айту, белсенді қатысушыларға сыйлық)
17:45 – «Тәрбия» брендінің ұлттық киім үлгісін тамашалау
18:00 – «Абай әндерін бірге шырқайық» (белсенді көрерменге арнайы сыйлық)
Арнайы дресс-код – ұлттық киім. Ең әдемі көрерменге алдағы 5 спектакльге тегін шақыру билеті табысталады.
19:00 – «Абай» спектаклі
Кеш барысында сіздермен бірге Абайдың әндерін бірге орындайық. Баршаңызды күтеміз!