«ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР» атты еске алу концерті өтті.
16 қыркүйек күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының сахнасында Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұлағатты ұстаз, «Мәдениет саласының үздігі» Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызына арналған «ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР» атты еске алу концерті өтті.
Бас дирижер – «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев.
Солисттер: «Х-Фактор» жобасының 7-маусым жеңімпазы Дильнура Биржанова, «The Planet of ART – 2019» Халықаралық байқауының финалисі Айнұр Енбекова, Халықаралық байқаулардың лауреаты, композитор Аида Канапина, актриса, «Мәдениет саласының үздігі» Гауһар Жүсіпова өнер көрсетті.

