Рус Қаз Eng

Сенбілік – «Таза Қазақстан» акциясы.

20.09.2025

Сарайшық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шара барысында театр алаңында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл игі іске аудан әкімдігі қызметкерлері, бір топ зиялы қауым өкілдері мен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымы белсене қатысты.

Акцияның мақсаты – жастарға экологиялық тәрбие беру, қоғамды табиғатты аялауға үндеу және қаланың жасыл аймағын кеңейту. Театр алаңына отырғызылған әрбір ағаш – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық пен экологиялық мәдениеттің белгісі.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?