Рус Қаз Eng

ЕЛОРДАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ТЕАТР АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА!

21.09.2025

2025 жылдың 21–26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді.

Осы өнер додасында түркі әлемінің жетекші театр ұжымдары бас қосып, үздік деген қойылымдарын ұсынады.

Театрымыз фестивальдің арнайы қонағы ретінде 22 қыркүйек күні сағат 19:00-де Төлен Әбдіктің «Оң қол» және «Парасат майданы» туындылары негізінде сахналанған «Парасат майданы» психологиялық драмасын сахналайды. Қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева.

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, Абай атындағы мәдениет үйі.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?