«ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕН ФОТОСУРЕТТЕР ШЕРУІ!
Театр және кино майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұстаз Ақыш Қоңыртайұлы Омардың 70 жас мерейтойына орай «Тұғыры биік тұлға» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітаптың тұсаукесеріне мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, сахна саңлағының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.
Назарларыңызға кітаптың тұсаукесер рәсімінен фотосуреттер топтамасын ұсынамыз.







