Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Театрымыздың Бас суретшісі қызметіне Мақсұтов Қанат Мұратұлы тағайындалды

24.10.2025

Қанат Мақсұтов Қазақстанның әр түрлі театрларында 80-нен астам қойылымды іске асырды. Олардың ішінде «Сахнадан салем!», «Откровение», Солтүстік Кавказ республикалары мен Қара теңіз-каспий өңірі мемлекеттеріндегі драма театрларының Халықаралық фестивалі, «Встречи в России» (Санкт-Петербург қ.), «Славянские театральные встречи», «Радуга», «Белая Вежа» сияқты беделді ұлттық және халықаралық фестивальдердің қатысушысы ғана емес, сонымен қатар лауреаты, дипломанттары атанған спектакльдер бар.

2000 жылы Мәдениет және өнер саласындағы Президенттік сыйақымен, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі, сонымен бірге «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» және «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медальдарымен марапаталған.

2024 жылы Максутов К.М. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Құрмет грамотасын алып, “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Қазақстан театрларының танымал суретшісі.

 

Театрдың ақпарат орталығы

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?