Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ұлттық театрда кезекті жаңа қойылым премьерасы «Ромео мен Джульетта» спектаклі!

07.11.2025

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ

театр және кино режиссері Уланбек Баялиев

2001 жылы М.Щепкин атындағы жоғары театр училищесін (Д.Г.Кознов шеберханасы), 2006 жылы Ресей театр өнері институтын (ГИТИС) режиссура мамандығы бойынша (С.В.Женовач шеберханасы) бітірген.

 Режиссер осы күнге дейін Е.Вахтанов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры, А.П. Чехов атындағы Мәскеу көркем театры, СТИ театры, «Et Cetera» драма театры, Уфа қаласындағы орыс драма театры, Свердлов мемлекеттік академиялық драма театры,

Санкт-Петербургтегі А.А.Брянцев атындағы жас көрермендер театры және Литвадағы Вильнюс кіші театры сынды әйгілі сахналарда жұмыс істеген.

 

Б.Брехт, А.Островский, О.Голдсмит, М.Горький және басқа да классикалық авторлардың пьесаларын сахналап, әр қойылымға ерекше көркемдік стилін енгізген.

 Уланбек Баялиевтің спектакльдері

көрерменге ерекше эмоция мен заманауи көркемдік шешімдерді ұсына отырып, классикалық пьесаларды жаңа қырынан ашатын ерекшелігімен танымал.

 Қазіргі уақытта режиссер У.Баялиев

театрымызда У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» туындысын

синема-эпос жанрында сахналауға дайындық үстінде.

 

Премьерада кездескенше!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?