КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!
Бүгін, қазақ өнері қара жамылды 86 жасқа қараған шағында қазақ театр өнерінің мақтанышы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрымыздың негізін қалаушылардың бірі – ақ самайлы актриса – Омарханова Рымкеш Омарханқызының өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Омарханова Рымкеш Омарханқызы – жарты ғасырдан астам уақытын ұлттық сахна өнерінің дамуына арнаған, 150-ден аса рөлді сомдап, қазақ театрының алтын қорын байытқан дара актриса. Ол Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы театрда шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылуына зор үлес қосты. Сахнадағы Мақпал (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Төлегеннің анасы («Қыз Жібек»), Мөржан (М. Әуезов «Қарагөз»), Еңлік («Еңлік–Кебек»), Таңқыбике («Түнгі сарын»), Толғанай (Ш. Айтматов «Ана–Жер–Ана»), Катерина (А. Островский «Найзағай»), Джульетта (У. Шекспир «Ромео мен Джульетта»), Биғайша (Т. Ахтанов «Күшік күйеу»), Ганна (А. Дударев «Кеш») т.б көптеген рөлдері ел жадында сақталады. Оның әрбір образы қазақ мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.
Топырағы торқа, жатқан жері жарық, пейіште нұры шалқысын! Алла алдынан жарылқап, артында қалған ұрпағына ұзақ ғұмыр, сабыр берсін!
Қаллеки театрының ұжымы Рымкеш Омарханованың есімін әрдайым құрметпен еске алып, рухына тағзым етеді.
Ақ самайлы актрисаның қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі мен көркем мұрасы — ұрпақ жадында мәңгілік сақталады.

