Рус Қаз Eng

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

23.12.2025

ҚАЛИБЕК ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «АННА КАРЕНИНА. РОМАН ПАРАҚТАРЫ» ХОРЕОДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫН ҰСЫНАДЫ

 

Ол махаббат үшін күресті.

Бақыт үшін жазаланды.

 

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

28-29 желтоқсан күндері көрермен назарына «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасын ұсынады.

Спектакль әлем әдебиетінің жауһары Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының негізінде сахналанған. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері – Рача Махатаев. Қазақ тіліне аударған – Қымбат Елубаева.

Қойылымда автордың адам болмысы, моральдық таңдау, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтар туралы терең философиялық ойлары заманауи сахналық тілде ұсынылады. Спектакль адамның ішкі жан әлеміндегі қақтығыстарды, сезім мен жауапкершілік арасындағы күрделі таңдауды көрсетеді.

Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Хореограф – Анастасия Чистюхина.

Киім суретшісі – Шынар Елембаева.

Спектакльдің жанры – хореодрама. Бұл жанр драмалық әрекетті қимыл-қозғалыс, пластика және музыкалық шешімдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Қойылымда сөз бен қозғалыс біртұтас көркемдік жүйе құрап, кейіпкерлердің ішкі психологиялық күйін жеткізеді.

Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда Инабат Әбенова, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева, Ерғұлан Жанпейісов, Қайыржан Садықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова сомдайды.

Соынмен қатар, театрдың жас артистері – Біржан Жүнісов, Нұрсұлтан Есен, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Алтынгүл Серкебаева, Заңғар Әбенов, Айкөркем Тұранова, Ақниет Орынтай, Нұрия Бөкенбаева, Руслан Алишев, Динара Егубаева, Диана Жолдыбек, Нұрхан Қосанов, Гауһар Исмаилқызы, Саида Сағынова өнер көрсетеді.

 

Өтетін күні/уақыты: 28-29 желтоқсан, 18.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru 

                                                                          + 7 705 9902595 (WhatsАpp)

Бұл спектакль – адамның арпалысы мен ардың үкімі,

сезімнің жарығы мен күнәнің көлеңкесі қатар өрілетін кеңістік.

 

Мұнда ешкім жау емес.

Мұнда бәрі – адам.

 

Жүректің жарасы бар,

үміті бар,

тыныштық пен тұнықтыққа шырмалған сезімі бар,

жан айқайы бар тірі жан.

 

Ал Аннаның таңдауы – қателік пе? Ерлік пе?

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?