Рус Қаз Eng

Қайырбек Әлібек Амангелдіұлы

Домбырашы, Ерен еңбегі үшін мемлекеттік награданың иегері

Қайырбек Әлібек Амангелдіұлы – Домбырашы, альпинист, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының халық аспаптары ансамблінің домбырашысы, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік награданың иегері.

1997 жылы 5 желтоқсанда Көкшетау қаласында туған.

Музыкалық білімін 2008–2013 жылдары Біржан Сал атындағы музыкалық мектепте, ұстазы – Бержан Сәкен Еркенұлынан алды.

2013–2017 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде, ұстазы – Юсбекова Меруерт Слямқызында алды, 2017–2021 жылдары дәстүрлі музыкалық өнер факультетінде «Домбыра» мамандығы бойынша оқыды. Оқытушысы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Алипбаев Тұрар Байдұсбекұлы.

2020–2021 жылдары Қорғалжын ауылы, Рабиға Есімжанова атындағы музыкалық мектепте домбыра сыныбының мұғалімі болды.

2018–2024 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік оркестрінің инспекторы.

2022–2023 жылдары «Елбасы медалі» жобасының менеджері.

2022–2024 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық қызметі мен шығармашылық жұмыстарының менеджері.

2021 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблінің домбырашысы

Әлібек Қайырбек – халықаралық өнер додаларының жеңімпазы, 2015 жылғы «Шабыт» халықаралық байқауының дипломанты және Новосибирскідегі Халықаралық Дельфий ойындарының лауреаты. Сонымен бірге, ол «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері.

Оның «Домбыра әлемнің шыңдарында» мәдени-спорттық жобасы – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған тың бастама. Жоба шеңберінде әлемнің ең биік шыңдары мен жанартауларына шығып, алғаш рет қазақ күйлерін орындау арқылы халықаралық деңгейде Қазақстанның мәдени имиджін арттыруға ұмтылуда.

Жоба аясында алыс ауылдар мен экспедициялық лагерьлерде концерттер мен мәдени-ағартушылық кездесулер ұйымдастырылады, халықты қазақтың музыкалық дәстүрлерімен терең таныстыруға зор үлес қосады.

Жобаның маңызды жетістіктері қатарында:

  • Эльбрус (Еуропаның ең биік шыңы) және
  • Килиманджаро (Африканың ең биік шыңы) — «Әлемнің жеті шыңы» жобасының бөлігі;
  • Айленд Пик (6200 м, Гималай),
  • Калапаттар (5644 м, Гималай),
  • Пик Раздельная (6200 м, Памир) шыңдарында қазақ күйлерін орындау;
    сонымен қатар, Тянь-Шань тауларында өнер көрсетт.

2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Конституциялық Кеңеспен бірлесіп Айленд Пикке шығып, домбырада қазақ күйін орындап, 6 килограмм салмақтағы Конституцияны шыңға көтерді.

Әлібек Қайырбек – Астана қаласы полиция департаменті жанындағы нашақорлыққа қарсы профилактика жөніндегі кеңестің мүшесі, сонымен қатар «Жаңа Мен» витаминдік бренді амбассадоры.

2013-2025 жылдар аралығында ол Қазақстан атынан әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Франция, Монако, Ұлыбритания, Германия, Италия, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Иордания, Израиль, БАӘ, Танзания, Түркия, Непал, Мысыр – өнер көрсетті.

2025 жылы «Түнгі студия» Нұрлан Қоянбаевпен – телешоуының құрметті қонағы.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?