«Жібек жолындағы үндестік: Достық көпірі» – «Қуанышты көктем мерекесі» аясындағы Қазақстан және Қытай мәдени бірлестігінің музыкалық кешін тамашалауға шақырамыз!
Бұл кеште Театрдың халық аспаптар ансамблі мен «Цинхуа Цы» («Көк-ақ фарфор») оркестрі бір сахнада өнер көрсетеді. «Цинхуа Цы» оркестрі дәстүрлі қытай музыкасын заманауи ұлттық әуендермен орындайтын шығармашылық ұжым. Оркестрдің ерекшелігі арнайы тапсырыспен шебер құмырашылар жасаған «Цинхуа» фарфорынан дайындалған музыкалық аспаптар.
Бағдарламада қытай және қазақ композиторларының шығармалары орындалады.