«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!
«Ералы Тоғжановтың атынан арнайы сыйлықпен» – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл және актер, Нменов Марғұлан марапатталды.
ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева Қазақстанның Халық артисі, режиссер Талғат Теменовтың атынан арнайы сыйлыққа ие болса, актриса Арай Омарова белгілі дизайнер Жадыра Сахиеваның арнайы жүлдесімен марапатталды.
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов Кекілбаевтар әулеті атынан арнайы сыйлыққа ие болды.
Театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!





