Рус Қаз Eng

«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» АПТАЛЫҒЫНДА САРАПШЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІМІЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

30.03.2026

Сарапшылар алқасының шешімімен «Үздік актер» номинациясы Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Алексей Каренин және М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасындағы Сәрсенбай бейнелерін жоғары деңгейде сомдағаны үшін Жанат Оспановқа табысталды. Ал «Үздік актриса» номинациясы Б.Брехттің «Шеңбер» драмасындағы Груше Вахнадзе рөлі үшін Айкөркем Тұрановаға берілді. «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясын У.Шекспирдің «Romeo & Juliet» қойылымындағы Меркуцио және Д.Исабековтың «Қазақы комедия немесе Бонапарттың үйленуі» спектакліндегі Испанәлі образдары үшін Ұлан Қабыл иеленді. «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» аталымы «Romeo & Juliet» спектакліндегі Сүт Ана рөлі үшін Ботагөз Мақсұтоваға бұйырды. «Үміт» номинациясы Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Алексей Вронский, Б.Брехттің «Шеңбер» драмасындағы Симон Хахава және Ә.Кекілбаевтың «Күй» спектакліндегі Көкбөрі рөлдері үшін жас актер Қайыржан Садықовқа табысталды. Сарапшылардың арнайы жүлдесіне «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» спектакліндегі Бибі рөлі үшін актриса Айнұр Жетпісбаева ие болды.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?