Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Санкт-Петербург театр сыншылары «ROMEO and JULIET» спектакліне жоғары баға берді

02.06.2026

«Жастар. Театр. Фест» XXVII Халықаралық театр фестивалі аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «ROMEO and JULIET» спектаклі Санкт-Петербург көрермендері мен театр сыншыларының ерекше ықыласына ие болды.

Фестивальдің ресми ақпараттық алаңында жарияланған рецензияда спектакльдің заманауи режиссерлік шешімі, кинематографиялық тілі, музыкалық қуаты және актерлік ансамбльдің жұмысы жоғары бағаланған. Сондай-ақ режиссер Ұланбек Баялиевтің Шекспир трагедиясын бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерімен ұштастыра білгені атап өтілген.

Сыншылардың пікірінше, қойылым махаббат пен жауласу тақырыбын жаңа қырынан ашып, көрерменге терең эмоциялық әсер қалдырады.

Дереккөз: VK парақшасындағы «Молодёжь. Театр. Фест» халықаралық театр фестивалінің ресми жарияланымы.

https://m.vk.ru/wall-67770312_22447

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?