Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ХАЛЫҚ АСПАПТАР АНСАМБЛІНЕ – 5 ЖЫЛ!

08.06.2026

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблі 5 жылдық мерейтойын шығармашылық концертпен атап өтті.

Осы уақыт ішінде ансамбль театрдың көптеген музыкалық қойылымдарының ажырамас бөлігіне айналып, ұлттық музыка өнерін дәріптеуге зор үлес қосып келеді. Ұжым репертуарында халық күйлері, классикалық шығармалар, авторлық туындылар мен заманауи өңдеулер кеңінен орын алған.

Мерейтойлық кеш барысында көрермендер ұлттық аспаптардың әсем үніне қанығып, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімін паш еткен ерекше музыкалық бағдарламаны тамашалады. Концертте ансамбльдің бес жылдық шығармашылық жолы мен жетістіктері көрініс тауып, ұлттық өнердің бай мұрасы кеңінен насихатталды.

Халық аспаптар ансамблін 5 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?