1959 жылы 26 сәуір күні Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келді.
1976 жылы орта мектепті бітіріп (Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы), Алматы қаласында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы екі жылдық театр студиясын бітіріп, Талдықорған қаласының қазақ драма театрында 1 жыл еңбек етті.
1979-1981 жылдары М.Әуезов атындағы академиялдық қазақ драма театрында қызмет атқарды.
1989 жылы Мәскеу қаласында, 1991 жылы Рига қаласында кәсіптік біліктілігін арттырды.
1995-1998 жылдары Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер институтын сырттай бітірді.
1999 жылы Каирде өткен халықаралық театрлар фестивалінде өнер көрсетті.
1982-2003 жылдары Ж.Шанин атындағы Шымкент қазақ драма театрында қызмет істеді.
2004 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс атқарып келеді.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Қ.Бекхожин «Ұлан асу» – Айтолқын
Ә.Әбішев «Мәди» – Келбет
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Баян
Н.Островский «Найзағай» – Катерина
М.Әуезов «Қарагөз» – Мөржан
М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» – Қарлыға
Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» – Әлиман,Толғанай
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Айзада
С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын
В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Анита
Мольер «Скапеннің айласы» – Зербинетта
У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – Леди Капулетти
Б.Ұзақов «Жандауа» – Ана
С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Лашын
А.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Бану
Е.Жуасбек «Үйлену» – Мерек
Е.Жуасбек «Антивирус» – Зульфия
М.Ғаппаров, Ғ.Ғаппарова «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Еркеайым
Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» – Айна
Б.Римова «Абай – Әйгерім» – Салтанат
Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Әже
Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Әйел
И.Сапарбаев «Ресторан» – Гүлдана
Ә.Әбішев «Бәріңе,бәріңе» – Әсем
Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Дина Нұрпейісова Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…» – Салиха апа
А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Дзерасса
халық ертегісі «Ер Төстік» – Ертекші
А.Менчелл «Сен маған керексің» – Ида.
Ж.Шайхисламұлы, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Жібектің анасы.
Т.Әбдік «Парасат майданы» – Өзін философ санайтын науқас.
Б.Брехт «Шеңбер» – Мәртебелі ханым, Грушенің енесі.
Кино әлемінде де өзіндік қолтаңбасы бар актриса бірқатар телехикаялар мен көркем фильмдерге түскен. Атап айтқанда, «Астана – махаббат мекені» – Ана рөлі, «Өмір сабақтары» – Ана және т.б.

