Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Омарова Ләззат Жүнісқызы

Труппа басшысы, "Құрмет" орденінің иегері

  Омарова Ләззат Жүнісқызы -1964 жылы 20 мамырда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Лесной ауылында дүниеге келген.

1971-1979 жылдары орта мектепте білім алған.

1979-1982 жылдары Қостанай мәдени ағарту училищесінде «Орыс халық аспаптар ансамблінің жетекшісі»мамандығы бойынша оқыды.

1982-1983  жылдары Мәдениет үйінің әдіскері.

1983-1986 жылдары Чернышевский атындағы совхозда Мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істеді.

1986-1991 жылдары Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтында білім алған.

1991 жылы Ақмола облысына қала әкімдігінің мәдениет бөліміне аға инспектор ретінде жіберілді. Қала деңгейінде өткізілетін барлық мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Ол Ақмола облысының мәдениеті мен өнерінің қалыптасу жолында  қазақ театрының ашылуына ықпал етті.

1997 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Қадыр Жетпісбаевтың арнайы шақыруымен театр труппасының меңгерушісі болып тағайындалды.

1999-2009  жылдары аты аңызға айналған режиссер, Халық Қаһарманы Ә.М.Мәмбетовтің басшылығымен жұмыс істеді. Астананың қалыптасу жылдарында ол Астана қаласының мәдениеті мен өнері саласына өз үлесін қосты.

1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымын басқарып қана қоймай, әр әртістің шығармашылық іс-шараларын ұйымдастыруда да қолдау көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 100-ден астам отандық және шетелдік қойылымдарға өз үлесін қосты.

Театрдағы 35 жылдық жұмыс тәжірибесі ішінде Ләззат Жүнісқызы Т.Теменов, Н.Жақыпбай, Б.Құрманғожаев, Қ.Қасымов, Е.Тапенов, Ә.Өмірбекұлы, Ф.Молдағали,  Д.Сергазин және шетелдік режиссерлармен – Өзбекстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері В.Омаровпен, Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Абушахмановпен, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» сыйлығының лауреаты С. Потаповпен және Орталық Азияның танымал режиссері Б. Абдураззаков, У.Баялиев, Г.Балпейісова, Р.Махатаевтармен  шығармашылық бірлестікте болды.

2016 жылы театрдың 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз және «27 Наурыз – Халықаралық Театр күні» мерекесі аясында «Әшірбек Сығай атындағы» сыйлықпен марапатталды.

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан мәдениет пен өнерге қосқан сүбелі еңбегі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2025 жылы Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Омарова Ләззат Жүнісқызы – қаланың барлық мәдени іс-шараларына қатысып, оны ұйымдастырудың жоғары деңгейіне ықпал етеді. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында жұмыс істеген алғашқы күннен бастап ол әмбебап, еңбекқор, талапшыл қызметкер. Ол театрдың ашылуына, қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?