1983 жылы 3 қараша күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында дүниеге келді.
1991-2001 жылдары аралығында эстетикалық бағыттағы «Жаңа ауыл» орта мектебін бітіріп шықты.
2002-2006 жылдары Қазақ ұлттық музыка Академиясының «Актер шеберлігі» факультетінің «драма және кино актері» бөлімін бітірді.
2006 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Әуезов «Еңлік –Кебек» – Жапал
М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Көтібардың көмекшісі
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбайдың жерлесі
Ш.Айтматов «Ана-Жер-Ана» – Жанболат
Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Бала, Б.Ұзақов «Жандауа» – Қысқа
Е.Жуасбек «Үйлену» – Асаба
Е.Жуасбек «Антивирус» – Равшан
Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Ала ағаштың көшеті
Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Писарь
М.Ақынжанов «Алтын сақа» – Желаяқ
И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Күзетші
М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Дон Хосе
У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – Пірадар
У.Шекспир «Гамлет» – Қабірші
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Қоңқай
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Хасен
Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Рустик
М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-қараш» – Қоқыш
Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қытай елшісі
Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – Ақшулан
Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Мылқау
М.Машаду «Бразилия байлығы» – Ит
«Ер Төстік» – Тышқан, А. Чехов «Шие» – Пәтөнәй
Р.Отарбаев «Әміре» – Оқушы
Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Қамбашы шал
Ұ.Есдәулет «Зере» – Бектемір
Р.Куни «Туған күн» – Слейтон
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Леопольд
А.Вампилов «Ақ жауын» – Уәлихан
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Молла Ахмет Риза
Фильмдегі рөлдері: «Сергелдең» – Базардағы бандит, «Біздің көктем» – Дастан, «Бақытыма сенемін» – ГАИ қызметкері.
2016 жылы актер Дастан Әлімов басты рөлдердің бірін сомдайтын А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан драма театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін иеленді. 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей) «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық кіші форм театр фестивалінде және Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивалінде халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.
2017 жылы актер Дастан Әлімов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Кеңес Нұрланов атындағы сыйлық иегері атанды.
2019 жылы Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ Республикалық театр фестивалінде «Әміре» спектакліндегі эпизодтық рөлі үшін «ІІ пландағы Үздік Актер» номинациясына ие болды.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге, халық шығармашылығын жетілдіруге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және салалық кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі атынан “Еңбек даңқы” медалімен марапатталды.
2022 жылы «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясындағы Зындан күзетшісі рөлі үшін Мұрат Насипов атындағы «Эпизодтағы ер адам бейнесі үшін» номинациясымен марапатталды.