Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Болат Қобыланды

Болат Қобыланды

Актер, "Құрмет" грамотасының иегері

1994 жылы 27 қаңтар күні Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

2009-2013 жылдар аралығында Павлодар облысында Чайковский атындағы музыкалық колледжінде білім алды.

2013-2017 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар мен Жанқалдыбек Төленбаевтың шеберханасында оқыды.

2019 ж бастап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

Театр сахнасындағы рөлдері:

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедия - Эдвин, Ронс

А.Вампилов «Ақ жауын» мұңлы комедия – Жеңіс Бейсекенов

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» драма - Жас Абай

С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегия – Шәмші

М.Әуезов «Айман-Шолпан» музыкалық комедия – Арыстан

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» - Омар, Көш

Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» ертегі – Жендет,

С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрама – Ғайыпберген,

Д.Рамазан «Жошы хан» тарихи драма – Сарбаз, Қарауыл,

М.Әуезов «Қарагөз» трагедия – Нарша.

У.Шекспир "Romeo & Juliet" - Тибальт

М.Жұмабаев "Шолпанның күнәсі" - Сәрсенбай

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», 2023 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Кино саласындағы рөлдері:

2016 жыл «Қармен жуылған қан» к/т - Алихан Сейдахметов;

2017 жыл «Екі жүз»т/х - актёр Дәулет Жанасұлы,

2018 жыл «Топыраққа тамған тер» т/х - Естай Сұлтанұлы,

2021 ж «5:32» веб сериалы– Думан,

2023 жылы «Келінжан» телехикаясы.

Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау арқылы дубляж саласына өз үлесін қосып келеді.

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?