Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы

Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы

Актер

Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы 1998 жылы 16 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.

2004 жылы №74 орта мектептің табалдырығын аттап, 2015 жылы №78 жалпы орта мектепті тәмамдаған.

2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Гүлнар Аманжанова Бекенқызының шеберханасына оқуға түсіп, «Музыкалық театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

2019 – 2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana musical» театрының актері болды.

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Айман - Шолпан» - Жантық;

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» - бала Хасен;

Мигель де Сервантес «Дон Кихот»;

Е.Жуасбек «Үйлену» - тамада;

С.Қайырбек «Кешкі 7» - концерт спектакль – Актер;

П.Бомарше "Фигароның үйленуі" - Керубино

Б.Брехт "Шеңбер" - Лаврентий;

У.Шекспир "Romeo & Juliet" - Ромео;

 

Кино саласындағы рөлдері:

«Тағы да сүй» сериал (Реж.Асхат Мұсабай) 2018 ж.

«Жаным менің» сериал (реж.Бақытжан Санитас) 2018 ж.

«Күрес» сериал (реж.Олжас Нұрбай) 2018 ж.

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?