Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Садықов Қайыржан Бауыржанұлы

Садықов Қайыржан Бауыржанұлы

Актер

Садықов Қайыржан Бауыржанұлы 1999 жылы 1 наурыз күні Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді. 

2005-2016 жылдары 14-орта мектеп гимназиясында білім алды.

2016-2020 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында тәлім алды.

2019 – 2021 жылдары Алматы қаласындағы Бәйтен Омаров атындағы Жас сахна театрында актер қызметін атқарды. Осы жылдары А.Дударевтің «Ким» спектаклінде Каралев, Н.Думбадзе «Я бабушка Илика, Иларион и собака мурада спектаклінде Ромуль рөлін сомдады. 

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы  Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері. 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Р.Мұқанова «Бопай ханым»  — Жас Әбілқайыр;

М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Әлібек тобындағы жігіт,

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» - Көш;

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Гарри;

М.Сервантес «Дон Кихот»;

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» - Айдар;

П.Бомарше "Фигароның үйленуі" - Граф

Г.Х.Андерсен "Ертегі түннің әуені" - Інісі;

Ж.Әлікен “Жүрек сыры. Махаббатым сен” - Ержан;

Б.Брехт "Шеңбер" - Симон;

Ә.Кекілбаев "Күй" - Көкбөрі;

Л.Толстой "Анна Каренина. Роман парақтары" - Алексей Вронский;

Д.Исабеков "Бонапарттың үйленуі" - Бонапарт;

М.Жұмабаев "Шолпанның күнәсі" - Әзімбай

 

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?