Жаңабергенова Айшолпан Манасқызы 1983 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келді.
1990-1998 жылдары Арал қаласындағы қазақ орта мектебінде оқып, 1998-2000 жылдары Алматы қаласында Ж.Бәйсейітова атындағы қазақ музыкалық арнайы мектебін бітірген.
2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды.
2004-2006 жж «Нұр думан» студиясында әнші болып жұмыс істеді. /«Ерке» тобы/
2006 жылдың қыркүйегінен бастап,елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін атқарып келеді.
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Шаханов «Желтоқсан рухы» - Гауһар-ай
Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Гүлжамал
С.Тұрғынбекұлы«Мұқағали» - Муза
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Алма
М.Ақманов «Алдар көсе» - Мешін
Б.Ұзақов «Үміт» - Әлия
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» - Нұрсұлу
Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» - Мем
С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» - Ләтипажан
В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» - Ниночка
А.Чехов «Шие» - Бану
Ұ.Есдәулет «Зере» - Тыржыққыз
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» - Стасси
Р.Мұқанова «Бопай ханым» - Жоқтаушы
П.Бомарше "Фигароның үйленуі" - Марселина

