Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

15 қазан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер ЖАҚЫП ОМАРҰЛЫ дүниеге келген күн!

17.10.2023
15 қазан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер ЖАҚЫП ОМАРҰЛЫ дүниеге келген күн!

Бүгін, 15 ҚАЗАН - Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЖАҚЫП ОМАРҰЛЫ дүниеге келген күн!

🎞1990 жылы режиссер Жақып Омаров Целиноград ауданы – Ақмола облысында қазақ театры шаңырағын көтеріп, болашақ жаңа астананың қақ ортасынан ұлт драма өнерінің төл отауын салып берді.

1991 жылы 15 қарашада Жақып Омарұлы сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясы театр шымылдығын ашты.

Жақып Омарұлы есімі, еңбегі, өзі қалаған киелі шаңырақ - Қалибек Қуанышбаев театрымен бірге, оның төрінде мәңгі жасай бермек!

 

 

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?