БРИФИНГ, АШЫҚ ӘҢГІМЕ, ЖЫЛЫ КЕЗДЕСУ
Премьера алдында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы желісімен сахналанған спектакльдің премьерасына арналған брифинг өтті.
Кездесу барысында қойылымның режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов пен театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Мирғалиева Гүлсина, Қазақстанның Халық артисі, театр негізін қалаушылардың бірі Ыбыраев Болат, брифинг модераторы, театртанушы, “Әдеби және ғылыми қор” бөлімінің басшысы, ҚР “Дарын” Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Әбіл Мирас спектакльдің сахналану ерекшеліктері, дайындық кезеңі және шығармашылық ізденістері туралы баяндап, БАҚ өкілдері мен көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, қойылымның бүгінгі күнмен үндестігі, кейіпкерлер тағдыры мен спектакльдің басты идеясы төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Ұзақ дайындықтың нәтижесі енді көрермен назарына ұсынылмақ. Сахнада теңіздей толқыған тағдырлар, уақыт сынынан өткен құндылықтар мен адам жанының күрделі болмысы көрініс табады.







