Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ ӨТЕДІ.

20.05.2023
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫНДА ШЕБЕРЛІК  САҒАТТАРЫ ӨТЕДІ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, 2023 жылғы 20 мамыр күні «Актерлік шеберлік», «Режиссура», «Грим», «Хор», «Хореография» бойынша «Мәдениет. Театр тынысы» атты шеберлік сағаттарын ұйымдастырады.

 

Шеберлік сағаттары

 

«АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК» бөлімін /10.00-12.00/театр және кино майталманы, Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамов;

«РЕЖИССУРА» бойынша /10.00-11.00/Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязов;

«ГРИМ» бөлімін /10.00-12.00/ гример, «Мәдениет саласының үздігі» Ләйлә Сқақова;

«ХОР» бойынша /10.00-11.00/ хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев;

«ХОРЕОГРАФИЯ» бөлімін /10.00-11.00/ балетмейстер, «Мәдениет саласының үздігі» Салтанат Сұңғат жүргізеді.

 

Шеберлік сағаттарына қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: +7 707 854 40 83  Whatsapp

 

Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев 8/1

Құрметпен:

«Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК                                                                                                                                                          қабылдау бөлмесі:

+7(7172) 27-02-35

«Маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімі»

https://kaztheatre.kz/kz/         @kaztheatre

[gallery link="file" size="medium" ids="727,728,729,730,731"]

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?