Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

28.03.2025
«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай өткен «Қаллеки тынысы» спектакльдер апталығы өз мәресіне жетті.

2025 жылдың 21-27 наурыз күндері аралығында көрермен мен театр сарапшылары назарына 2024-2025 жылдар аралығында сахналанған премьералар көрсетілді. Атап айтқанда, «Жүрек сыры. Махаббатым сен», «Қарагөз», «Әйел құпиясы», «Ертегі түннің әуені», «Войцек», «Парасат майданы», «Фигароның үйленуі».

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің қорытындысы:

✅ Көрермен таңдауы бойынша:
- «Үздік актриса» номинациясы – Ақмарал Танабаева
- «Үздік актер» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл
- «Үздік спектакль» номинациясы – «Қарагөз» спектаклі.

✅ Сарапшылар шешімі бойынша:
- «Театр тарланы» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл
- «Үздік актер» номинациясы – Әнуар Бектас
- «Үздік актриса» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина
- «Үміт» номинациясы – Марғұлан Наменов
- «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы – Бәзіл Сұлтанғазы
- «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» номинациясы – Аяужан Малғаждарова
- «Сарапшылардың арнайы жүлдесі» номинациясы – Майра Омар

Әр қойылымға жан бітіріп, ықыласы мен қолдауын аямай, шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайтын көрермендерімізге алғысымыз шексіз!

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?